Израиль Газа секторында атысты тоқтату режимін тағы да бұзды

REUTERS/Ramadan Abed

Израильдің Хан-Юнус қаласына жасаған әуе соққысы нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Палестиналық WAFA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Израильдің ұшқышсыз ұшақтары Хан-Юнустың шығыс бөлігіндегі Бени-Сухейла ауданын нысанаға алған. Соққыдан кейін палестиналықтар арасында жараланғандар болды.

Сондай-ақ, артиллериялық шабуыл Абасан-Кебир елді мекенін және оның айналасын, соның ішінде «Ханса» мектебін де қамтыды.

Израиль әскері Газа секторының орталығындағы Нусейрат босқындар лагеріндегі бірнеше қайықты атқылады.

Биылғы жылдың 8 қазанында басталған екі жылға созылған израильдік шабуылдар 2025 жылдың 10 қазанында атысты тоқтату туралы келісімнің жасалуымен аяқталды. Алайда, Газаға қарсы оккупация мен құқық бұзушылықтар жалғасып жатыр.

2023 жылдың қазан айынан бері 68 865 палестиналық қаза тауып, 170 670 адам жараланды. Құрбандардың көпшілігі – әйелдер мен балалар.

БҰҰ мәліметінше, Газа секторының 90%-ға жуық инфрақұрылымы қираған, ал оны қалпына келтіру құны шамамен 70 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

Келісім күшіне енгеннен кейін Израиль бірнеше рет оны бұзды. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, бұл бұзушылықтардың салдарынан 226 палестиналық қаза тауып, 600-ден астам адам жараланды

Яндекс.Метрика