Трамп Путин мен Си Цзиньпиннің саясаттағы тәжірибесі туралы пікірін айтты

Фото: РБК

АҚШ президенті Ресей басшысы мен Қытай төрағасын «өте күшті әрі ақылды көшбасшылар» деп сипаттады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Дональд Трамп: «Путин мен Си – жеңіл қарауға болмайтын мықты көшбасшылар» деп пікірін білдірді.

Трамптың айтуынша, Путин мен Си Цзиньпин әлемдік саясаттағы тәжірибесі мол, салмақты тұлғалар. Сондықтан, халықаралық қатынастарда мұндай саясаткерлермен байланыс орнату аса қиын.

– Екеуі де қатал, екеуі де ақылды. Оларға өте байыпты қарау керек, – деп Трамптың сөзін келтіреді CBS News арнасы.

Осыған дейін Трамп Ресей және Қытаймен диалог жүргізу қажеттігін бірнеше рет айтты. Ол өз әкімшілігі кезінде қос ел басшыларымен кездесулердің оң нәтиже бергенін және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда конструктивті байланыс маңызды екенін атап өтті.

Яндекс.Метрика