Фото: Pixabay
Астрономдар бұл құбылысты жылдың басты супер Айы деп атап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
5 қараша күні Ай биылғы ең жақын нүктесіне жақындап, аспанда әдеттегіден әлдеқайда ірі әрі жарық көрінеді. Супер Ай – бұл толық Айдың Жерге ең жақын келген сәті. Осы кезде Ай бізден шамамен 356 мың шақырым ғана қашықтықта болады, сондықтан оның көлемі көзге 8 пайызға үлкен, ал жарығы 16 пайызға күшті болып байқалады.
Ерекше құбылыс соңғы рет 2020 жылы байқалған, ал қайта 2028 жылы қайталанады.
