Фото: canva
«ҚазАвтоЖол» ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысында бола тұрмысқа бейім тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.
Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қараша күні түнде мен таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман күтілуде.
«Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.
