Фото: Видеодан алынған кадр
Қарағанды облысының фермерлері мемлекеттен күткен субсидияның әлі төленбегеніне шағымдануда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, биыл егін егіліп, өнім жиналғанымен, төлемдер уақытында берілмей отыр.
Көптеген шаруалар несиесін өз күшімен жауып, банктерге 20 пайыздан жоғары өсім төлеп отырғанын айтады.
“Біз барлық талапты орындадық, бірақ мемлекет өз уәдесін орындамай отыр”, – дейді олар.
Кейбірі еңбекақы мен салық төлеуде қиындық көріп жатқанын жасырмайды. Фермерлер үкіметтен нақты шешім қабылдап, субсидия қарызын өтеуді талап етті.

 
			 
			 
			 
			