Фото: gov.kz
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды.
Жаңа өзгерістермен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (KASE – BTRK тикері) жалғыз акционерінің 2025 жылдың 14 қазанындағы шешімімен Қ.Б. Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.

 
			 
			 
			 
			