Фото: zhuldyz.abdukarimova/instagram
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі қолданушыларының сұрағына жауап берді.
Ол желі қолданушыларының «Қайраттың концертіне қатыспайсыз ба?» деген сұрағына жауап қайтарды. Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концертінің басы-қасында жүргенін көрсетіп, дайындық кезінде түсірілген видеоларын жариялады.
«Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар», — деп жазды өнер иесі.
Сондай актриса концерттің ерекше форматта өтетіне тоқталды.
«Дайындық. Мына масштаб бұрынғыдан бөлек болайын деп тұр. Сахнада сіздер біле білмейтін талай моменттер болады. Ертең келіп, көзбен көріңіз», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

 
			 
			 
			 
			