Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізетін болды

Фото: instagram.com/zhanibek.alimhanuly

Қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады. Ол WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесіп, орта салмақта үш чемпиондық титулды біріктіру үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.

Тарихи айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан «Frost Bank Center» аренасында өтеді. Бұл жекпе-жек Premier Boxing Champions ұйымдастыратын PPV кешінің соглавный (негізгімен қатар өтетін) кездесуі болмақ.

Кештің басты айқасында мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч күш сынасады.

Егер Жәнібек жеңіске жетсе, ол орта салмақтағы үш чемпиондық белбеуді қатар иеленіп, WBC нұсқасы бойынша титулды иемденген доминикандық Карлос Адамеске қарсы толық біріккен чемпиондық жекпе-жек өткізуге бір қадам жақындайды.

Яндекс.Метрика