Фото: Видеодан алынған кадр
Бұл дерек бойынша хабарлама түскен соң, оқиға орнына учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері барған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бейнежазбадан жасөспірімдер мен олардың ата-аналары және полиция қызметкерлері арасында жанжал шыққанын байқау қиын емес.
– 6 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша олардың екеуінің алкогольдік ішімдік ішкені және мас болғаны белгілі болды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ал жасөспірімдердің өзі профилактикалық есепке алынды, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Сонымен қатар, полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімдердің көңіл көтеру орнына оп-оңай кіруіне жол берген мекеме иесіне әкімшілік шара қолданатынын мәлім етті.
– Бұл ойын-сауық орнының қызметін тоқтату және жабу туралы ұсыным сотқа жолданды, – делінген хабарламада.
