Шашын жалбыратып сәлем салған Динара Сәтжан сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде тележүргізуші Динара Сәтжанның сәлем салған видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы

Видеоны Диана Жұмағұлова есімді TikTok қолданушысы жүктеген.

«Мұндайды сіздерге ешкім көрсетпейді! Жақында Динараның үйіне қонаққа барып, дастарханына отырдық. Ол бізге “Келін шай” берді».

Диана өз жазбасында Динара Сәтжанның еңбексүйгіштігіне, ашықтығына және шынайылығына тәнті екенін атап өтті.

«Мен Динарды өте құрметтеймін. Ол өз еңбегімен жеткен, өмірін шынайы сүріп келе жатқан жан. Бұл видео — оның адалдығы мен қарапайымдылығын дәлелдейді. Кім не десе де, Динара — өте мықты әйел. Өз өмір жолын жасап келеді», — дейді Диана.

Ол сонымен бірге көпшілікке Динара Сәтжан туралы түрлі пікір айтпас бұрын, оның жетістіктеріне назар аударып, еңбегін бағалауға шақырды.

Десе де желі қолданушылары Динара Сәтжанды сынауды тоқтатпады.

«Бірінші басқа ақ орамал салады. Сосын шашты жасырады. Тізеден төмен көйлек киіп сәлем салады», «Дәстүрді қалжыңға айналдырудың не керегі бар», «Сарыағашта бұлай салмайды», «Сәлемді орамалмен салады шашын жалбыратпай», деді олар. 

Яндекс.Метрика