«Әркім өз білгенін істеп жүр»: Аймағамбетов археология саласындағы былықтарды ашық айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Бүгін Мәжілісте тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауға арналған заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Құжатты депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды. Оның айтуынша, бұл заң жобасы – депутаттар мен ғалымдардың бірлесіп дайындаған маңызды еңбегі. Аймағамбетов археология саласында тәртіп пен бақылау жоқ екенін ашық айтты. Ең басты проблема – лицензиялау жүйесінің тиімсіздігі. Қазір археологиялық ұйымдар лицензияны бір рет алып, оны өмір бойы пайдалана береді.

«Ұйым бір рет лицензия алса, кейін оның мамандары бар ма, біліктілігі жеткілікті ме – ешкім тексермейді. Сол лицензиямен олар өмір бойы мәдени мұрамызға араласа береді», – деді депутат.

Оның айтуынша, осының кесірінен еліміздің тарихи ескерткіштері бақылаусыз қалып, мәдени мұра нысандары зақымдалып жатыр.

Яндекс.Метрика