Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін құда түсіп, ұзатып алды

Фото: видеодан скрин

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін ұзатып алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желіге актердің ұзату тойында жүрген видеосы тарады. Айта кетейік, кино жұлдызы жеке парақшасында сүйіншілеген еді.

 

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз», – деп жазды ол.

 

Актердің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі.

 

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын», – деп жазды актриса.

 

Желі қолданушылары актердің жеке өмірін қызу талқылап жатыр.

 

“Ес білгелі үйленіп жүр”, “Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?!”, “Біз етікті бұлай тез ауыстырмайтын шығармыз”, “Несіне мәз болады”, “Қандай сұлу қызды алып жатыр?!”, “Екі әйелді бақытты ете алмаған адам үшіншісін де қатырады деп ойламаймыз”, – деп жазды көпшілік.

 

Яндекс.Метрика