Фото:Unitedworldwrestling
Сербияның Нови-Сад қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Отандасымыз 97 келі салмақтың қола жүлде үшін белдесуінде Иран елінің өкілі Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен жеңді. Ол жарыс жолында іріктеу кезеңінде испандық Аймар Егиноаны 10:0 есебімен, айқын басымдықпен ұтты. Ал 1/4 финалда Гарроуз Куекабакиланы тізе бүктірді. Алайда Ризабек жартылай финалда жапондық Араш Ёшидаға есе жіберді. Айта кетейік, Ризабектің бұл жүлдесі еліміздің еркін күрес балуандарының салған жалғыз жүлдесі.
Естеріңізге салсақ, Ризабек Айтмұхан 3 жас санаты бойынша 3 дүркін әлем чемпионы. Азия чемпионатының үш мәрте күміс жүлдег иегері.
