Еліміздің 16 өңірде мәслихат депутаттарының сайлауы өтті

Фото: gov.kz

Бұл жолы үміткерлер мандатын тапсырған депутаттардың орнына таласты.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, қазіргі науқанға жалпы 429 сайлау комиссиясы қатысуда. Олардың ішінде 16 аумақтық, 58 аудандық және қалалық, 70 округтік, 285 учаскелік комиссия бар.

Саяси шараны ұйымдастыруға 2750 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, Орталық комиссия мүшелері 13 өңірде тексеріс жүргізді.

Кезектен тыс сайлауда 4 облыстық, 15 қалалық және 52 аудандық мәслихат депутаты сайланады. Науқанның қорытындысы 1 қарашада жарияланады.

Айта кетейік, кезектен тыс сайлауда 4 облыстық, 15 қалалық және 52 аудандық мәслихат депутаты сайланатын болады. Науқанның қорытындысы 1 қарашада жарияланады.

Яндекс.Метрика