«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың 26 қазанында еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 26 қазанда түнде және таңертең тұман түсіп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 26 қазанда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 26 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
26-28 қазанда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанқалаларында 26-28 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.Жезқазғанда 26 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 26 қазанда түнде және таңертен тұман болу ықтималдылығы жоғары.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 26 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда 26 қазанда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
