Фото: @erke_esmahan
Әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында жай-күйін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Уәде етілген концертінде төбе көрсетпеген ол ауырып қалғандарын хабарлады.
«Мен сіздерді қатты сағындым. Бір апта бойы жанұямызбен кезектесіп ауырып шықтық. Ауырған соң біраз жоспарлар ауысып, көңіл түскен сәттер де болды. Қалай болғанда да бәрі хайырымен. Ауырмай, аман жүріңіздер. Ең көңілім түскен кез жеке концертке бара алмай қалдым. Үлкен сахнада ән салуым керек еді. Өзім болмасам да әнімді қосыпты, көзіме жас келді», деді әнші.