Қазақстандық триатлоншы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Фото: inbusiness.kz

Биылғы Азиадаға 45 ұлттық олимпиадалық комитеттен 8 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.

Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Рамазан Айнегов «суперспринт» қашықтығында екінші орын алды.

Тағы бір қазақстандық Артем Бедрин жетінші болып мәре сызығын кесті.

Жеңімпаз – қытайлық Ли Янсон, ал үздік үштікті оңтүстіккореялық Ву Хён Кан түйіндеді.

Сондай-ақ бүгін Азия ойындарында Қазақстанның қыздар триатлон құрамасы жекелей сын бағдарламасында өнер көрсетті.

Жарысқа екі қазақстандық спортшы қатысты. Алуа Нұрмұхамбет жетінші болып мәре сызығын кессе, ал Калерия Шнейдер 11-нәтиже көрсетті.

Жарыстың жеңімпазы – қытайлық Сюй Эньгэ. Күміс медальді оның отандасы Бянь Цзицзя жеңіп алды. Қола жүлдені индонезиялық Марта Ардистри иеленді.

Айта кетейік, Манамадағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын 20 спорт түрі бойынша 220 жас спортшы қорғап жатыр. Өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еліміз 13 жүлде, соның ішінде бір алтын медаль жеңіп алған еді.

Жарыстар 19 қазан күні басталып, 31 қазанға дейін жалғасады.