Сынып жетекшілердің жалақысы өсуі мүмкін

Фото: Pixabay

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлеменова сынып жетекшілердің жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын растады. «Бұл сұрақ бұған дейін қарастырылған. Бүгінгі таңда жалақының өсуі тікелей қаржылық жағдайға байланысты», – деді министр.

Министрлік мәліметінше, сынып жетекшілерден бөлек, мектепте еден жуушылар мен техникалық қызметкерлер де еңбек етуде, олардың жалақысы да ведомство назарында. Алайда, нақты өсімнің мөлшері мен мерзімі әлі қарастырылуда.

Сүлеменова бұл мәселенің министрліктің басты назарында екенін және оның шешімін қаржы мүмкіндіктері анықтайтынын атап өтті. Жалақыны көтеру бойынша ұсыныстар алдағы айларда қаралуы мүмкін деді.