Фото: Полиция
Полицейлер әлеуметтік желі арқылы танысу барысында жасалған тонау қылмысын ашты.
Танысу сайтында қызбен танысқан ер адам қылмыстың құрбаны болды.
Қысқа әңгімелесуден кейін олар жалдамалы пәтерде кездесуге келіседі. Алайда кездесудің ортасында пәтерге қыздың «ағалары» ретінде өзін таныстырған үш ер адам кіріп келеді.
Олар қыздың кәмелет жасына толмағанын айтып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Сонымен қатар, оның телефоны мен басқа да мүліктерін тартып алған.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде барынша сақ болуға, күмәнді орындарда кездесуден бас тартуға және тек хат-хабар арқылы ғана таныс адамдарға сенбеуге шақырамыз, – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.