Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar
Танымал әнші Әділет Жауғашар «KeшRЕС» бағдарламасына берген сұхбатында тойдан табатын табысы мен жұмыс қарқыны туралы ашық айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, ол бір күнде 8 тойға қатысып, өнер көрсеткен.
«Шымкент қаласында 4 сағатта 8 тойға кіріп, өнерімді көрсетіп шықтым. Солай болып қалды. Шымкентте тойдың өзі 4 сағатқа созылады ғой. 5 сағат болмаған. Үлгердік. Бұл — құнығу емес, бұл — рекорд. Әдетте 4-5 тойға ғана кіретінбіз», — деді Әділет Жауғашар.
Оның сөзінше, әр тойдан «әжептәуір табыс» табуға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram