БҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulys.media-ға сілтеме жасап.

 

“Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда”, – делінген хабарламада.

 

Еске салайық, бұдан бұрын Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың толық тізімін жариялады.

 

Qazaq.today