«Құм төсеп кеткен бе?!»: Петропавл – Долматово тасжолындағы “жөндеу” халықтың ашуын туғызды

Фото: Видеодан кадр

Қызылжар ауданының тұрғындары Петропавл–Долматово бағытындағы жолдың сапасына наразы. Олар айтуынша, көптен күткен жөндеу жұмыстары қайтадан көзбояушылықпен аяқталған.

Бірнеше күн бұрын жұмысшылар шұңқырларды тазалап, жол жиегін ретке келтіріп, жұрт «енді жөнделеді» деп қуанған. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады — 16–17 қазан күндері жолға құрғақ, асфальтқа ұқсас материал себіліп, еш тапталмай қалдырылған.

Тұрғындардың бірі ашынып:

«Күн сайын осы жолмен жұмысқа барамын. Бұл — маусым ішіндегі екінші шұңқыр жөндеу. Екеуі де пайдасыз. Көзбояушылық қана!», — дейді.

Фотоларда кейбір шұңқырлардың үсті жабылғаны көрінеді, бірақ сапасы сын көтермейді. Жүргізушілер әзілмен:

«Мынау — желмен жеткізілетін асфальт сияқты», — деп күледі.

Тағы бір жергілікті тұрғын ашумен:

«Еш тырысқан жоқ! Бір-екі жерді төгіп, кетіп қалды. Бір апта өтпей бәрі қайта ойылып шығады. Әйтеуір галочка үшін істелген сияқты», — дейді.

Жүргізушілердің айтуынша, жаңбыр немесе қар жауған кезде бұл жолмен жүру қауіптіге айналады.

«Ақша кетеді, нәтиже жоқ. Біз шұңқыр мен жамаудан шаршадық», — дейді олар.

Ауыл халқы әкімдік пен бақылаушы органдардан жұмыстың сапасын тексеріп, технологияны бұзған мердігерлерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.