Фото: видеодан скрин
Астанадағы автобус апатынан кейін қос бірдей аяғынан айырылған Алуа Бекен протезбен жүруді үйрене бастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Кадрларда 8 жастағы Алуаның бар күшін салып, қайта жүруді үйреніп жатқаны көрінеді.
Баламен жұмыс істеген мамандардың айтуынша, Алуа алғашқы күндердегідей емес, қазір жиі күлімдеп, айналасындағы адамдармен еркін араласа бастаған.
Оның эмоционалдық тұрақтылығы артып, өзіне сенімі күшейген.