Шымкент тұрғыны бәстесемін деп 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті

Фото: Pixabay

Оқиға қала тұрғыны досымен бәстесіп, бірнеше қаламды бірінен соң бірін жұтқаннан кейін болған. Біраз уақыт өткен соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан. Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.

Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және бөгде заттарды әдейі жұтпауды ескертеді.