[ad_1]
SpaceX компаниясы Axiom коммерциялық бағдарламасы аясында туристерді Халықаралық ғарыш станциясына ұшырды.
Компанияның мәліметіне қарағанда, Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан (АҚШ, Флорида штаты) NASA-ның бұрынғы астронавты, Халықаралық ғарыш станциясының бірінші әйел командирі Пегги Уитсонның басшылығымен кәсіпкер Джон Шоффнер, экипаж мүшелері — Сауд Арабиясының астронавтары Райян Барнави мен Али әл-Карни ұшты.
Ғарышкерлер ХҒС-та сегіз күн болып, оның тұрақты экипажымен бірге жұмыс істейді. Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 22 мамырға жоспарланған.
Бұл — америкалық Axiom компаниясының бағдарламасы бойынша ХҒС-қа екінші коммерциялық рейс.
SpaceX компаниясымен келісім бойынша Axiom Space бағдарламасы аясында туристердің жылына екі-үш рет ғарышқа ұшатын болады. Оның бағасы бір адамға 55 млн доллар.