Фото: Видеодан алынған кадр
Павлодар облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 қазан күні Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.
”Ауа райының қолайсыз жағдайында ВАЗ-2110 маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, бетпе-бет соқтығысқан”, – делінген хабарламада.
Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.