Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді.

 

“Жақында келесі жекпе-жегімнің қайда және кіммен өтетінін жариялаймын”, — деп жазды Тұраров өзінің Instagram парақшасында.

 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет осы жылдың 5 қыркүйегінде филиппиндік Али Канегаға (12-2-1, 8 КО) қарсы қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Канеганы 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Жанқош Тұраров төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.