Фото: видеодан скрин
Жамбыл облысында 2019 жылы дүниеге келген 6 жасар Жолшыбек Әли Еламанұлының өлімі қоғамда ауыр резонанс туғызды. Баланың анасы дәрігерлердің салғырттығы мен немқұрайлылығы салдарынан ұлын аман алып қала алмағанын айтып, көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Анасының айтуынша, Әли 29 қыркүйектен бастап ауырған. Бірақ учаскелік дәрігер бірнеше күн бойы үйге келіп, нақты көмек көрсетпеген. Тек ананың жалынып, тізерлеп сұрауынан кейін ғана 7 қазан күні бала ауруханаға жатқызылған. Алайда дәл сол күні дәрігерлер баланың нақты диагнозын анықтамай, тек «Креон» дәрісін ғана берген.
Бүгін, 10 қазан күні, бала қайтыс болды. Анасының айтуынша, егер дәрігерлер алғашқы күннен тиісті көмек көрсеткенде, баланы аман алып қалуға болар еді.
Интернет қолданушыларының жүрегі езіліп, желіде мыңдаған пікір қалдырылды: «Бала анасымен жату керек еді, осыны көтерейікші!» «Обал-ай, анасының жанында жатқызса ғой…».
Бұл оқиға — еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы жүйелі немқұрайлылықтың айғағы. Анасының көз жасы — жай ғана жеке трагедия емес, жауапкершіліксіздікке қарсы қоғамның үнсіз айқайы.