«Кешіре алмаймын»: Медеу Арынбаев өкінішін жасырмады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр 

Әнші Медеу Арынбаев KeshRec бағдарламасына берген сұхбатында өзінің өкінішін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі өзінің жастық шағын есіне алып, алғаш қызды болғанын естігенде аса қуанбағанын айтты.

 

«Жанымдағылармен сыр тарқасып отырғанда телефоныма қоңырау келді. Тқтқаның арғы жағынан біреу: Медеу Арынбаевсыз ба? Сізді құттықтаймын, қызды болдыңыз, деді. Әне-міне екінші ұлдың әкесі боламын деп отырған мен жарайды деп қалдым. Соны кешіре алмаймын. Неге олай дегенімді білмеймін, балалық шығар. Әлі күнге дейін қызымның бетінен сүйген сайын іштей кешірім сұрап қоятыным бар», — деді әнші.