«Сенің алдыңда кетейін»: Гүлзира Айдарбекова күйеуін туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Фото: @gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбековті туған күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

“Сенен кейін қалдырмай, сенің алдыңда кетуімді Алла жазсын, саған үйленгеніме өкінген емеспін”, — деп ұзақ өмір сүруімді тілеп отыратын, балаларымның асқар тауы, менің арқа сүйер асыл жарым Нүрекеңнің бүгін туған күні. Алла ұзақ мәнді өмір берсін! Сіздерден де құттықтау күтеміз!», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, жұлдызды отбасы Нұртас Айдарбековтің туған күнін дүркіретіп атап өтті. Дүбірлі тойда Жұлдыз Әбдікәрімва төбе көрсетпеді.