Фото: instagram.com/bakytzhan.bazarbek
Мәжіліс депутаты елдегі құрылыс саласында жасырын лобби бар екенін, оның үкіметтің шешімдеріне тікелей ықпал етіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оның айтуынша, үкімет депутаттардың бастамаларын жиі кері қайтарып, құрылыс компанияларының пайдасын қорғайды.
«Біз депутаттар үкімет тарапынан қатты қысым көріп отырмыз. Кей нормаларымызды қабылдамай, теріс қорытынды шығарады. Себебі үкімет ішінде құрылыс лоббиі бар», – деді депутат.
Саясаткердің сөзіне қарағанда, құрылыс индустриясы 2001 жылдан бері НДС салығынан босатылып, ерекше жағдайға ие болған. Алайда соған қарамастан, уәде етілгендей бағаны ұстай алмаған.
«2001 жылы біз құрылыс секторын НДС-тан босаттық. Баға тұрақталады деген үміт болды. Бірақ құрылысшылар уәделерінде тұрмады. Баға өсті, ал сапа төмендеді», – деді ол.
Депутат билік пен құрылыс компанияларының байланысы тым жақын екенін де ашық айтты.
«Біз заңдарды застройщиктерге ыңғайлап жазып алдық. Бұл — таза құрылыс лоббиінің нәтижесі», – деді халық қалаулысы.