Белгілі спортшы мен қоғам белсендісі Қуат Хамитов кино саласына қадам баспақ. Ол өзінің Instagram парақшасында келесі көктемде алғашқы фильмін түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
«Иә, бұл — рас. Келер көктемде өзімнің алғашқы фильмімді түсіремін. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді де жеке өзім таңдаймын. Сондай-ақ жобаның барлық қаржылық жағын өз мойныма аламын», — деп жазды ол.
Қуаттың айтуынша, бұл жоба оның өміріндегі жаңа белес болмақ.
«Бұл фильм мен үшін жай дебют емес, мен оның қазақстандық кинематографияға жаңа леп әкелуін қалаймын», — деді ол.
Пост соңында Хамитов қызықты ескерту де қалдырған: «Қыздар, егер мен сіздерге жазған болсам, демек сіздерді фильмімдегі рөлге қарастырып жатырмын», — деп әзіл қосты ол.