«Көлігімді билетке айырбастадым»: «Қайрат» жанкүйері өкінетінін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Алматылық «Қайраттың» жанкүйері көлігін билетке айырбастағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жанкүйердің айтуынша, билет құны 1 миллион болған.

«Билет алып үлгермедім. Артынан басқалардан сатып алуға тура келді. Билет үшін 1 миллион теңге сұрады. Ондай ақшам болмағандықтан көлігімді айырбастайын дедім. BMW машинамды беріп орнына билет алдым. Өкініш бар, ішім ашып тұр», — деді ол.

Желі қолданушылары Жанкүйердің бұл әрекетін сынап түрлі пікір жазды.

«Қате ғой», «Топас», «Обалың жоқ», «Футбол түсінбейтіндер осындай болады», деп жарыса пікір жазды.