Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті
Жол көлік оқиғасы кеше, 29 қыркүйек күні күндіз Ақтау – Жаңаөзен тас жолында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, қапталға аударылған. Зардап шеккендер жоқ.
«29 қыркүйек күні сағат 15:50 Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында, 23-шақырымында 720 AI/12 мемлекеттік нөмірлі мұнай тасымалдаушы көлік аударылып қалды. Оқиға орнында мұнай өнімдері төгілгендігі анықталды. Маңғыстау облыстық Экология департаменті мамандары топырақтан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар алдағы уақытты қосымша хабарланады», – делінген Маңғыстау облыстық экология департаменті хабарламасында.