Әлемнің үздік футболшысы Қазақстан құрамасынан бас тартты

Фото: fourfourtwo.com

Футболдан 2006 жылғы әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро Қазақстан құрамасының бас бапкері болудан бас тартты.

Толығырақ

52 жастағы италиялық маман соңғы аптада Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларына ұсыныс алғанымен, екеуіне де келісімін бермеді. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» басылымына бапкерге жақын дереккөз мәлімдеген.

Каннавароның өзі маусым барысында Серия А клубтарының бірін басқаруды көздейді. Әсіресе Италия чемпионатында бір клуб бапкерсіз қалса, сол орынға шақыртылуды күтіп отыр.

Сондай-ақ ол Мәскеудің ЦСКА клубымен де келіссөз жүргізген. Алайда ресейліктер оған тек алдын ала келісімшарт ұсынған, нақты келісімге қол жеткізілмеген.

Контекст

8 қыркүйекте Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгияға 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Осы ойыннан кейін бас бапкер Али Алиев өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген.

Бұған дейін Қазақстан футболында үлкен қызығушылық тудырған басты оқиға – Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчы. 30 қыркүйекке жоспарланған ойынды асыға күткен жанкүйерлер билеттердің тапшылығына наразылық білдіруде.