Фото: topvykup.com.ua
Қазақстанда енді көліктің «құпиясын» ашу оңай. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ХҚКО мобильді қосымшасына «Авто тарихы» атты жаңа қызмет қосты. Енді кез келген азамат көліктің VIN-кодын енгізу арқылы мынадай деректерді көре алады: тіркеу тарихы, арест пен кепілдің бар-жоғы, айыппұлдар, кедендік рәсімдеу, утилизациялық алым, техникалық паспорттар.
Қызмет ақылы: бір тексеру – 500 теңге. Жиі пайдаланатындар үшін топтамалар да бар: 10 тексеру – 4 500 теңге, 20 тексеру – 8 000 теңге.
Бұл жүйе мемлекеттік дерекқорлар негізінде нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Яғни алаяқтарға алданып қалмау үшін көлік сатып алар алдында «Авто тарихын» ашып көру жеткілікті.