Фото: informburo
Халықаралық білім беру корпорациясында Алматының болашағы мен дамуы жайлы ғалым және сарапшылар талқылау өткізді, деп жазады Qazaq.today.
Сарапшылардың бағалауынша, Алматыда жыл сайын 2 000-нан астам мезгілсіз өлім ауа ластануымен байланысты.
«Алматыда ауа сапасы ДДСҰ нормаларынан 4–12 есе асып түседі. Қыркүйектегі бірнеше күнге созылған қоқыс полигонындағы өрт жағдайды нашарлатты, түтін орталық пен таулы аймақтарды түгел басты. Басты шағым халықты дер кезінде ескертпегені. Мұндай күндері терезелерді жауып, ауа тазартқыштарды қолданып, сыртқы белсенділіктен бас тарту қажет. Ал осал топтар үшін уақытша көшіп кету дұрыс. Бұл «ауа райы» туралы емес, бұл денсаулық жайлы», — деді ҚазҰУ PhD докторы Насиба Байматова «Алматы қаласының тұрақты дамуы» атты дөңгелек үстелінде.