Фото: instagram.com/zhuldyzabdykarimova
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көзілдіріктерін сатуға шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Актрисаның ең арзаны көзілдірігі 130 мың теңге тұрады.
“Жұлдыз ханымның көзілдіріктері сатылымға шықты. Неше түрлі брендтердің өнімі. Өз бағасы 327 мың теңге болса, сатылым бағасы – 130 мың теңге. Gucci брендінің көзілдірігі 130 мың теңге тұрады. Бетке өте ыңғайлы, сәнді аксессуар. Tom Ford брендінің көзілдірігі 386 мың теңге болса, сатылым бағасы – 150 мың теңге. Алып, үлгеріп қалыңыздар”, – деп жазды актрисаның көмекшісі.