Фото: KFF
FIFA ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстан құрамасы төрт сатыға төмендеп, 118-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы Нигер мен Индонезияның ортасында орналасқан. Мұндай нәтиже 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі қыркүйек айындағы ойындармен байланысты:
- Астанада өткен ойында Қазақстан Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді;
- Брюссельдегі кездесуде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілді.
FIFA тізімінің жоғарғы бөлігінде де өзгерістер бар:
- Испания бірінші орынға көтерілді;
- Аргентина үшінші орынға түсті;
- Франция екінші орнын сақтап қалды;
- Германия ТОП-10-нан шығып, 13-орынға түсіп қалды.