Фотоколлаж: Qazaq.today
Түркістан облысында ұлының қолынан өлген қарт әкенің денесі эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Шардарада шарқая тамада әкесін қорлап өлтірген еді.
Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. Желідегі мәліметке сүйенсек, ер адам 3 қыркүйекте қайтыс болған. Ол жүрек және омыртқа ауруларымен дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда дене жарақаттарына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қайтыс болғаннан кейін туыстары дер кезінде хабар бермегендіктен, дәрігерлер өлім туралы анықтама бере алмаған. Соның салдарынан ер адамның денесі эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері кейін жарияланады.
Ашушаң ұл мен келіннің қорлығынан өліп кеткен қарияның оқиғасы дүйім жұртты жүр сілкіндірді. Ауылдастары әкесін ұрған жігіттің белгілі тамада, азаншы болғанын жарыса жазды.