Фото: Pixabay
Соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. 2020 жылы тіркелген 48,2 мың жағдай 2024 жылы 40,5 мыңға дейін қысқарды. Яғни, ажырасу саны 16%-ға жуық азайған. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
2019 жылдан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар жанынан «Бақытты отбасы» жобасы іске асуда. Оның мақсаты – ерлі-зайыптыларға даулы жағдайлардан шығу жолын көрсету. Жоба аясында психологтар, заңгерлер, медиаторлар мен әлеуметтік қызметкерлер кеңес береді.
Министрдің айтуынша, мұндай қолдаудың нәтижесінде 2024 жылы ажырасуға қатысты істердің 37,5%-ы татуласумен аяқталған.