Жаңа жөнделген жолдың сапасы сынға түсті: ауыр жүк көлігі шұңқырға батып қалды

Семейде Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті. Бұл аумақта жуырда ғана жылу құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

15 тонна топырақ тиелген, жалпы салмағы 15 тонна болатын самосвал жол жөндеу жұмыстарына бара жатқан. Абырой болғанда, жүргізуші аман қалды.

«37 жастағы жүргізуші Шансиман аталған аумақтан өту барысында көлік жер астында пайда болған ойыққа жартылай түсіп кетті. Тек материалдық шығын келтірілді», – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.

Фото: Halyqstan