Фото: boxingkazakhstan
Отандасымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында үздік шықты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол 55 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте испаниялық Рафаэль Лозано Серраномен кездесіп, айқын басымдық танытты.
Бәсеке барысында Махмұд Сабырхан қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Осылайша, екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.