Тергеу басталды: ҰҚК Павлодарда алаяқтық жасаған прокурорларды тергеп жатыр

Фотосурет: istockphoto.com

Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікпен прокурорға қатысты тергеу шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, Павлодар қаласы тұрғынының облыс прокуратурасының қызметкері жасаған алаяқтық фактісі бойынша арызына сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Фото: inform.kz