Көкшетаудағы бірқатар көпбалалы отбасылардың балалары енді тегін тамақтану құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Акимат өкілдерінің түсіндіруінше, президенттің жаңа Жолдауына сәйкес көпбалалылық енді жеңілдікке негіз болмайды. Льгота тек шынымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға ғана беріледі.
«Бұрын барлық көпбалалы отбасылардың балалары тегін тамақтана алатын. Енді бұл көмек атаулы сипатқа ие болды. Мысалы, жеті баласы бар, әкесі ірі кәсіпорын басшысы болып жұмыс істейтін отбасы да осы қызметті пайдаланған. Қазіргі табысы оларға балабақшадағы тамақ ақысын өздері төлеуге мүмкіндік береді, сондықтан жеңілдік алынып тасталды», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова.
Оның айтуынша, тегін тамақтану құқығы атаулы әлеуметтік көмек алатын, сондай-ақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларда ғана сақталады.
Әмренова атап өткендей, бұл өзгерістер ел президентінің тапсырмасын орындауға бағытталған: әлеуметтік қолдау ең алдымен оған шын мәнінде мұқтаж жандарға жетуі тиіс.