«Кобальтпен жүргенім үшін кемсітті»: Сырым Исабаев ұялған кезін есіне алды

Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Сырым Исабаев көзден таса болған кездері түрлі кемсітуге тап болғанын жасырмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі тыңдарман қауымнан түрлі сын естіген. Мұны журналист Аман Тасығанның подкастындаайтып берді.

“Бір күні жанармай құю бекетіне барып қалдым. Бензин құютын адам жоқ екен. Көп жерде өзім құйып жүрмін ғой, ондайдан еш тартынбаймын. Кобальт мініп жүрген кезім. Өзім құйып тұрсам, екінші көліктегі бір кісі «Сәке, сізге не болған? Ән айтып жүргенде жарқырап жүретін едіңіз ғой» деді. Енді оның бар ақылы соған жеткен шығар, арғы жағында не болып жатқанын білмейді ғой. Кәсіпте жүргеннен кейін не талап етеді, соны істейсің. Әншілік емес ол. Сөйтті де көлігіне отырып кетіп қалды. Менің мына көкірек тұсымда бір нәрсе қалып қойды», – деді әнші.

Әншінің сөзінше, кемсітіп кеткен адамға айта алмаған сөзі ән болып сыртқа шыққан көрінеді.

«Содан Леңгір жақта аранжировщик жігіт бар еді, соған қоңырау шалып, музыкаңды қос, бара жатырмын дедім. Не айта алмай жатқанымды өзім білмеймін. Кітап алдырдым. Бір-екі парақтағаннан кейін «Өкінбеймін» деген сөз шықты. Сөздің басы. Осы екен ғой шығара алмай жатқаным дедім. Бірден ән туды. Жүректен шыққан ән жүрекке жетті», – деп түйіндеді өнер иесі.