Фото: denta-keller.ru
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы есебінен тіс емдеуге өтініш қабылдау 15 қыркүйектен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін шектеледі. Бұған жиі кездесетін алаяқтық әрекеттер мен жалған құжаттар себеп болды.
Мәселе бұған дейін де көтерілген. 2024 жылы Денсаулық сақтау министрлігі БЗЖҚ қаржысын емге пайдалану тәртібін қатаңдатқан еді. Алайда бұл өзгерістер нәтиже бермей, тек өтініштерді қарау мерзімін ұзартты.
Миллиардтаған қаржы стоматологияға кетті
«Отбасы банкінің» дерегінше, 2021 жылдан 2025 жылдың тамызына дейін стоматологиялық қызметке шамамен 757 млрд теңге бағытталған. Оның ішінде 222 млрд теңгеден астамы бар болғаны 20 клиникаға түскен, олардың жартысы – Атырауда.
Банк нақты мысалдар келтірді:
Бір клиент 11 рет өтініш беріп,БЖЗҚ-дан 32,6 млн теңге алған. Бұл қаражат 500 мың теңгеден есептегенде 65 имплант орнатуға жетеді.
Тағы бір пациент бір жолғы емге 24,7 млн теңге аударған.
Басқа жағдайда азамат 27 өтініш беріп, 13,1 млн теңге алған.
Жалған құжат пен тіркеусіз клиникалар
Тексерістер барысында жалған келісімшарттар, дәрігерлік қорытындылар мен лицензиялардың қолданылғаны анықталды. Кейбір стоматологиялар ресми тіркеуде болмағанына қарамастан қомақты қаржы алған.
Енді мемлекеттік органдар банкпен бірлесіп, бағдарламаны алаяқтардан қорғаудың жаңа тетіктерін әзірлемек. Ал 15 қыркүйекке дейін берілген өтініштердің барлығы бұрынғыдай қаралады.
БЖЗҚ активтерінің болашағы
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы активтерімен алдағы жоспарлар туралы жақында мәлімдеді.