Фото: Instagram.com/toktar.serikov
Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі жеке парақшасында отбасының басына түскен сынақ туралы жазып, оқырмандарының көңілін босатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол нағашы ағасы мен анасының суретін қатар қойып, ішіндегі мұңын өлеңге сыйдырған.
«Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың,
Сенде кеттің, бұл өмірден қош айтып.
Жас толтырып екі көздің, қарасың.Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн.
Кемесіне отырғызып келместің,
Боздап қалды жалғыз ұлмен бар қызың», — деп жазған Серіков.