Фото: social_media_kaz
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түскен жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Оқиға 9 қыркүйек күні таңертең Айыртау ауданында болған. Патрульдік полиция көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.
“Көкшетау – Рузаевка тасжолында қызметтік Hyundai Elantra көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен әрі көлік аударылған”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері атап өткендей, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
“Жол апаты салдарынан қызметтік міндетін атқарып жүрген ішкі істер органдарының екі қызметкері – жүргізуші мен жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді”, – деді СҚО ПД.