Фото: видеодан скрин
Апат Ақмола облысындағы «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1044-шақырымында болған. Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігімен соқтығысу нәтижесінде MTZ-80 тракторы екіге бөлінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеп.
Алдын ала мәлімет бойынша, тракторшы далалық жолдан шығып бара жатып, көлік қозғалысына жол бермей, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, трактордың корпусы екі бөлікке бөлініп кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен Mitsubishi-дің екі жолаушысы, сондай-ақ тракторшының өзі жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Трактор жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Апаттың мән-жайы нақтыланады.